Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиКультураӨнер

Семейден шыққан жас актриса «Бабай» фильмінің басты кейіпкеріне айналды

«Бабай» — жылдың ең күтілген отбасылық фильмдерінің бірі прокатқа шықты

21 мамырдан бастап Қазақстан кинотеатрларында әке мен қыздың қарым-қатынасы туралы баяндайтын «Бабай» отбасылық комедиясы кең прокатқа шықты. Фильм жылы юмормен, мейіріммен және жеңіл мистикалық атмосферамен өрілген. Картинадағы басты рөлдердің бірін Семей қаласының жас актрисасы Жанель Серікбол сомдады.

Жанель үшін бұл — толықметражды фильмдегі алғашқы басты рөлі. Бұған дейін ол көрерменге «Балапан» телеарнасының жүргізушісі ретінде таныс болса, «Бабай» оның үлкен киноға жасаған алғашқы қадамына айналды.

Басты кейіпкер рөліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қыз қатысты. Алайда кастингтен сүрінбей өтіп, дәл осы рөлге Жанель таңдалды. Жоба авторларының айтуынша, олар тәжірибесі көп баланы емес, эмоцияны шынайы жеткізе алатын табиғи кейіпкерді іздеген — және Жанель бұл образға дәл келді.

Фильм 7 жастағы Камила туралы баяндайды. Анасы қайтыс болғаннан кейін ол мерекелерге сенуді қояды. Бірақ туған күні күні олардың үйіне күтпеген жерден елес кейпіндегі аниматор Асхат келіп қалады. Қыз оны Бабай деп атап, осы сәттен бастап әрқайсысына қайтадан ғажайыпқа, отбасыға және бір-бірінің жанында болудың маңыздылығына сенуге көмектесетін оқиға басталады.

Картинаның негізгі эмоциялық желісі дәл Жанельдің кейіпкері арқылы беріледі. Оның образы — айналасында болып жатқан оқиғаларды бала жүрегімен қабылдайтын, ғажайыпқа сенетін және ересектер арасындағы сезімдерді байланыстыратын кейіпкер.

Фильм авторларының айтуынша, «Бабай» — отбасы, сенім және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы туралы оқиға.

Фильмдегі басты рөлдердің бірін Азамат Сатыбалды сомдады. Бұл жоба актер үшін ерекше болды — ол алғаш рет балаларға арналған фильмге түсті.

Фильм продюсерлерінің бірі Бухар Мараттың айтуынша, «Бабай» оның шығармашылығындағы ең жақын жобалардың біріне айналған:

— Осы уақытқа дейін түрлі жобалар болды, бірақ «Бабай» — менің қызыма көрсеткім келген алғашқы фильмдердің бірі. Біз балалармен бірге отырып көруге болатын, бірге күліп, бірге уайымдайтын жылы отбасылық кино жасағымыз келді.

Комедияның премьерлік көрсетілімі жылы отбасылық атмосферада өтті. Жанельдің әжесі қазақ дәстүрімен шашу шашып, атасы жас актриса мен түсірілім тобына батасын берді. Жоба авторлары үшін бұл сәт отбасы құндылықтары мен үлкендердің қолдауының маңызын еске салған ерекше әрі әсерлі көрініске айналды.

Фильмде сондай-ақ танымал қазақстандық актерлер Қуандық Жүніс пен Ұлбосын Шалқарова да ойнады. Түсірілім Алматы облысында өтті. Ал режиссер Олжас Ермекбаев үшін бұл жоба алғашқы толықметражды фильмі болды.

«Бабай» — қандай қиын жағдайда да адамдардың бір-біріне жол табуы туралы отбасылық комедия. Картинада жеңіл юмор сенім, жалғыздық және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас секілді маңызды тақырыптармен үйлеседі.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

AI в регионах: в Костанае прошёл крупнейший региональный форум, посвящённый развитию ИИ и цифровой трансформации

admin_altyalash

Пункт приема вторсырья горит в Талдыкоргане

admin_altyalash

ALLUR НАПРАВИЛА 100 МЛН ТЕНГЕ В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ»

admin_altyalash