Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиОбщество

Темірлік оқушы тұрмыстық қалдықтардан ұлттық нақыштағы эко-арт туынды жасады

Ақтөбе облысы Темір ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды.

Темір аудандық Оқушылар үйінің тәрбиеленушісі, 6-сынып оқушысы Қуаныш Жансая Нұрланқызы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ұлттық нақыштағы қазақ қызының бейнесін жасап шығарды. Жас шебердің айтуынша, туындыны әзірлеуге шамамен бір жарым ай уақыт кеткен.

Жұмыс барысында түрлі тұрмыстық қалдықтар пайдаланылып, олардан қазақ халқының ұлттық болмысын дәріптейтін көркем композиция құрастырылған.

Аталған жоба қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеудің маңызын насихаттауға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған. Оқушының шығармашылық еңбегі экологиялық жауапкершілік пен өнердің үйлесімін айқын көрсетеді.

Айта кетейік, мұндай бастамалар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарские хирурги смогут облегчить жизнь пациентам на диализе

admin_altyalash

ОБРАЩЕНИЕ: Народ сильный единством, со счастьем дружит

admin_altyalash

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ПРОШЛА МАСШТАБНАЯ САНИТАРНАЯ АКЦИЯ

admin_altyalash