Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Елдің басым бөлігіне қар мен жаңбыр жауады — Қазгидромет

Фото ашық дереккөзінен

Қазгидромет 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Алдағы күндері солтүстік циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі, елдің солтүстік және орталық аудандарында төменгі бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Ал 28-29 қазанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша тұман болжанады», — дейді синоптиктер.

Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз негізгі фон 5-15 жылуды, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылуды құрайды. Оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылу, күндіз 7-15 жылу, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылу, күндіз 10-18-ден 7-15 жылу аралығында ауытқиды.

Ұқсас жаңалықтар

Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі продолжит выполнение стратегических функций Ассамблеи народа Казахстана и Национального курултая»

admin_altyalash

Обсуждай и предлагай!

admin_altyalash

Повестка, медкомиссия, отсрочки: полный разбор призыва в Казахстане

admin_altyalash