Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиПолитика

Депутаттар судья кадрларын реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Фото ашық дереккөзінен

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР заңнамасына сот жүйесі мәселелері бойынша енгізілетін түзетулер жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, — деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы деп аталатын құжатты Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ таныстырды.

«Заң жобасы еліміздің қолданыстағы заңнамасын ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конститиуциялық заң жобасымен сәйкестендіруді көздейді. Заңнамалық өзгерістер әкімшілік заңнаманы жетілдіруге, сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін қалыптастыруға, судья кадрларын реттеуге бағытталған. Осыған байланысты бюджет, қылмыстық-процестік, әкімшілік-рәсімдің процестік кодекстерге және ҚР Жоғарғы сот кеңесі туралы заңға өзгерістер енгізуді қажет етеді», — деген Мәжіліс депутаты Жоғарғы сот кеңесі қызметкерлерінің жалақысын Жоғарғы сот судьяларының еңбекақысымен сәйкестендіру бөлігінде мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап ететінін ескертті.

«Бұл мәселе бойынша Үкіметпен республикалық бюджет комиссиясы оң қорытынды берді», — деді ол. Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді.

Ұқсас жаңалықтар

В Жамбылской области обсудили роль конституционной реформы в политическом обновлении

admin_altyalash

Международная кинологическая выставка «Astana Winner 2026»

admin_altyalash

Казахстан признан одной из самых безопасных стран мира

admin_altyalash