Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Президент Үкіметке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Жедел әрекет етуді талап ететін мәселелерге де тоқталғым келеді. Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайыз болды. Менің тапсырмаммен алыпсатарлық сызбасын тергеу жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Нәтижесін Президент те, азаматтар да көрмейді. Президент әкімшілігі мән-жайды анықтап, бір апталық мерзімде баяндауы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент азық-түлік инфляциясы 6 пайыздық деңгейден асып түсетіндігіне назар аудартты.

«Ендігі уақытта өсім қысымымен азық-түлік бағасы 6 пайыздық деңгейден асып түсетіндігі анық. Үкіметке және Ұлттық банкке инфляцияны 8,5 пайыз шегінде сақтауды тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді . Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Индекс деловой активности Halyk Finance

admin_altyalash

Уровень воды в реке Урал продолжает увеличиваться — Казгидромет

admin_altyalash

Независимости Казахстана 35 лет!

admin_altyalash