Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Қасым-Жомарт Тоқаев екі автожолдың құрылысына қатысты тапсырма берді

Фото ашық дереккөзінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі автожолдың құрылысына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2024 жылы Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге, сонымен қатар жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан-Алматы жолын жаңғыртуды 2023 жылы аяқтауды тапсырды.

«Шалғайдағы ірі моноқалардың еліміздің өзге өңірлермен стратегиялық көлік байланысын қамтамасыз ету қажет. Мен Нұр-Сұлтан-Алматы жолын жаңғыртуды 2023 жылы аяқтау тапсырмасын бердім. Ол Балқаш қаласының әлеуетін айтарлықтай арттыратын болады», — деді ҚР Президенті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға барады деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Айдос Сарым: Глава государства – не просто инициатор, а ключевой разработчик нового Основного закона

admin_altyalash

Родители потратили благотворительную помощь на лечение сына: возбуждено дело

admin_altyalash

Цены на социально значимые продукты выросли на 0,1% – статистика

admin_altyalash