Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Жарылыстан қайтыс болғандар туралы ақпарат — жалған

«WhatsApp» мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тарады. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарды, — деп хабарлайды altyalash.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелген жоқ.

«Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр», — деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Жарылыс болған дәмхананың иесі Абай Әміреевтің айтуынша, оқиға болған уақытта кафеде қызметкерлер мен қонақтар болмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Заседание Совета министров обороны ОДКБ состоялось в Минске

admin_altyalash

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года

admin_altyalash

В Астане прошел день открытых дверей филиала Cardiff University Kazakhstan

admin_altyalash