Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Вакциналау: Қазақстан 105-орында тұр

Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында . Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Әлемдік рейтингке сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізген 205 елдің ішінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы вакцинаның 2 дозасымен қамту көрсеткіші бойынша 105-орында тұр және вакцинациямен қамту халық санының 41 пайызға жуығына жетті. ТМД елдері ішінде Қазақстан мен Әзербайжан ғана халықты вакцинациямен қамтуда 40 пайыздан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр», — деді министр.

Оның атап өтуінше, елімізде халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.

«1-компонент 8,5 млн адам екпе алды. Екпе алуға тиісті халықты қамту 74 пайызды немесе халық санының 44,8 пайызын құрайды. 2-компонентпен шамамен 7,7 млн адам қамтылды», — деді Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

admin_altyalash

Выражаю глубокие соболезнования родителям и близким детей, погибших в Сырымском районе.

admin_altyalash

Дожди и заморозки обещают в выходные казахстанцам

admin_altyalash