Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовости

Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

Семей қаласына 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады, — деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесін енгізу мақсатында 5,2 млрд теңге бөлінген.

«40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1 391 камера, әлеуметтік нысандарда, көпқабатты тұрғын үй ауласында, адам көп жиналатын жерлерде 687 камера орнатылмақ. Бұндағы мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу. Биыл қаланың 27 көшесі орташа жөнделді. Ал 106 көше мен жергілікті маңызы бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті», — деді ол қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Дархан Жөргекбаевтың сөзінше, республикалық бюджет есебінен «Семей-Қайнар» тасжолының 53 шақырымы жөнделуде. Жалпы жыл сайын жол жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбарыс Каблан стал Чемпионом мира по таеквондо (WT) среди спортсменов до 21 года

admin_altyalash

Этот проект имеет для меня особое значение – Президент РК о Каспийском трубопроводном консорциуме

admin_altyalash

Депутат Мажилиса посетил социальные объекты в селах Абайской области

admin_altyalash