Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Общество

«Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті

          Ағымдағы жылы қазан айының 27 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Алматы қаласында  ҚР құрлық әскерінің әскери институтында курсанттар арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.

          Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

          Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар»,- деп текке айтпаған. Лудомания – ессіздік, ойынға құмарлық. Қаламыздың түкпір-түкпірінде мен мұндалап тұратын букмеркерлік кеңселердің іші толған жастар. Ойынға құмар жастар қолдарындағы соңғы ақшаны тігіп, үлкен қаражат көтерем деп сенеді. Алайда, ұтылып қалған соң еңсесі суға кетіп, өзін қоғамнан алшақтатып жібереді.

          Жастар арасындағы құмар ойындарына тәуелділікті азайту мақсатында өткен шарада лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ, тереңінен түсіндірілді. Сұрақ–жауап ұйымдастырылып, екі жақты интерактивті кездесу болды.

Ұқсас жаңалықтар

Новая Конституция отражает запрос общества на справедливость и развитие

admin_altyalash

Более 12 тысяч человек собрал масштабный live-концерт на Востоке страны

admin_altyalash

Экономист о новой Конституции: важен процесс подготовки документа

admin_altyalash