Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавная

Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

Бүгін таңертең Екібастұздағы №6 шағынауданда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етілді.

«№6 шағынауданда орамішілік жылу желісіндегі ақау жойылды. Бауыржан Момышұлы көшесі 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67а тұрғын үйлеріне жылу беру қалпына келтірілді. Бауыржан Момышұлы көшесі 42, 54 мекенжайындағы екі үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін сағат 04:30-да Екібастұздағы №6 шағынауданда орамішілік жылу желісінде құбыр жарылған еді. Оған жөндеу бригадалары жіберіліп, екі көшедегі 15 тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

“В этом и заключается красота“: глава ФИФА сделал заявление о Казахстане

admin_altyalash

Более 12 тысяч человек собрал масштабный live-концерт на Востоке страны

admin_altyalash

Президент собственным примером внедряет новую культуру — эксперт об интервью Токаева газете «Ana tili»

admin_altyalash