Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Алматыда 9 балдық жер сілкінсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін – ТЖМ

Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің  30 пайызы қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, осындай болжамымен бөлісті, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен Алматы сейсмологиялық қауіпті аймақ екенімен, әрине келісемін. Қала 27 техногенді плитаның үстінде орналасқан. Көбі қаланың таулы аймақтарында. Қаланың ең қауіпті ауданы – Түркісіб», – деді Күлшімбаев.

«Алматыда қатты жер сілкінсе, ғимараттардың 60 пайызы құлайды деген пікірлерге не айтасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып, вице-министр ТЖМ-ның болжамын жария етті.

«Ғимараттардың 60 пайызы қирайды деген пікірмен келіспеймін. Бірақ  болжам бойынша,  егер Алматыда 9 балдық жер сілкінісі тіркелсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін», – деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда жер сілкінді.

Ұқсас жаңалықтар

Новая волна масштабной информационной кампании в поддержку новой Конституции стартовала в Казахстане

admin_altyalash

Референдум – это шанс для каждого казахстанца повлиять на решение, которое затронет будущее нашей страны.

admin_altyalash

Количество финансируемых государством видов спорта сократят в Казахстане

admin_altyalash