Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Мемлекет басшысы: Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында жақында өткен Мәжіліс сайлауына тоқталып, саяси науқанға белсене қатысқан азаматтарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттарының жаңа құрамының ерекшелігін де атап өтті.

– Әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы! Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды.Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

Указом Президента Казахстана награждена оперная певица Мария Мудряк

admin_altyalash

Сегодня стартовал международный марафон-байге «Ұлы дала жорығы».

admin_altyalash