Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Политика

Соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен — Тоқаев

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы  макроэкономикалық саясатқа тоқталып өтті.

«Макроэкономикалық саясатты өте байыпты жүргізу керек. Бюджет тапшылығын, мемлекет қарызын, Ұлттық қордан аударылатын трансфертті және басқа да макрокөрсеткіштерді реттеу қажет. Иә, экономикамыз өсіп жатыр. Бірақ салық түсімдерінің ішкі жалпы өнімге қатысты өсу қарқыны – тұрақсыз. Кейбір мамандар «Салық жеңілдіктері өте көп болған соң, түсім азайып жатыр» дейді. Бұдан басқа да себептер айтылады.

Жалпы, соңғы бес жылда бюджетке 30 триллион теңге кем түскен. Әрине бұл цифрдың дұрыс-бұрыстығын тексеру қажет. Талай жылдан бері жалғасып келе жатқан осы мәселені түпкілікті шешетін уақыт жетті», деп ойын аяқтады Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан укрепляет глобальное сотрудничество: ключевые достижения внешней политики в 2024 году

admin_altyalash

Любопытный путь Казахстана к «Соглашениям Авраама»

admin_altyalash

Назначен новый аким города Балхаш

admin_altyalash