Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиНовости зарубежья

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін — сарапшы

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы елордадағы энергетикалық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда британдық NNWI орталығының президенті Тим Йео айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ұйымның миссиясы атом энергиясы туралы, сондай-ақ климаттың өзгеруі тұрғысынан кеңінен мәлімет беруге бағытталған. 2022 жылға дейін біздің институт негізінен Еуропа елдеріндегі мәселелерді кеңінен қамтыған еді. Кейіннен Орталық Азия аймағына да ерекше назар аудару керек екенін түсіндік, — деді Тим Йео.

Сарапшының пайымынша, аталған салаға қатысты Орталық Азияда елеулі өзгерістер болуы мүмкін.

«Біз климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі энергетикалық саясаттың басты флагманы болады деп санаймыз. Бұл тұрғыда Орталық Азияның өзіндік ерекшеліктері бар, яғни осы өңірде алдағы бірнеше жылда тиісті өзгерістер болуы мүмкін», — деді Т. Йео.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ГОССЛУЖАЩИМ НЕ РАЗРЕШЕНО ЗАНИМАТЬСЯ БИЗНЕСОМ

admin_altyalash

Недропользователи и программы увеличения доли местной продукции

admin_altyalash

«ЕвроХим Северо-Запад-2» оспорил уступку прав требования на 23,8 млрд рублей между экс-подрядчиками

admin_altyalash