Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Қаржы мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен тексере алады.

Айта кетейік, агенттік биылғы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.

«Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз», делінген ҚМА хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» в Есильском районе Северо-Казахстанской области высажено 40 000 деревьев

admin_altyalash

Формирование культуры заботы о репродуктивном здоровье — это не разовая кампания, а стратегическая задача, требующая постоянства, координации и вовлеченности

admin_altyalash

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

admin_altyalash