Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Келесі жылы Қазақстанда шегіртке қаптауы мүмкін – АШМ

фото: zefirka.net

2024 жылы Қазақстанда шегіртке қаптауы мүмкін. Мұндай болжамды Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, шегірткенің көбеюіне күннің ысуы себеп болған.

Шегірткенің, оның ішінде азиялық, марокколық италиялық түрлердің таралуы – күннің ысуымен байланысты. Әр 11 жыл сайын ол (шегірткенің таралуы, – автор) шарықтау шегіне жетеді. Келесі жылы «пик» болады. Бұл уақытта шегірткенің орташа жылдық таралуымен салыстырғанда, (олардың саны) 10-20 есе көбейеді. Мысалы, бір шегіртке жүз, тіпті, мың жұмыртқаға дейін сала алады. Оның осындай циклділігі сол жылға сәйкес келеді, — деді министр Үкімет отырысынан соң.

Журналистер Ербол Қарашөкеевке «2024 жылы шегіртке болмайды деп уәде бере аласыз ба?» деп сұрақты нақтылады.

Келесі жылы «пик» болады. Шегіртке болады. Біз оларды жою үшін жұмыс істейміз, — деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, биыл Қостанай мен Ақтөбе облыстарында шегіртке қаптап, шаруалар зардап шеккен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Рекорд подтверждён: караван из тысячи верблюдов в Алматинской области официально вошёл в Книгу рекордов Гиннесса.

admin_altyalash

Президент собственным примером внедряет новую культуру — эксперт об интервью Токаева газете «Ana tili»

admin_altyalash

Казахстан усилил позиции в предметных рейтингах QS 2026

admin_altyalash