Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Елімізде Қытай азаматына темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Фото: stan.kz

Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берген. Полицейлер ұшақ бортында темекі шеккен Қытай Халық Республикасының 48 жастағы азаматын анықтады.

Аталған дерек бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Международный Форум Астана 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future»

admin_altyalash

Инновационный реабилитационный экзоскелет выходит на рынок

admin_altyalash

Какие улицы перекроют в Алматы на Наурыз

admin_altyalash