Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Димаш Құдайбергенге шетелдегі жанкүйерлері ерекше тосынсый жасады

Фото: Димаш Құдайбергеннің жеке парақшасынан

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Лос-Анджелестегі тыңдармандары ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жетінші жыл қатарынан мені таңқалдырумен келесіздер. Бұл жолы америкалық фан-клуб Лос-Анджелесте ұшақпен шоу жасап ерекшеленді. Алғыс білдіремін. Жақсы көремін, — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Димаш жеке парақшасына жүктеген видеодан Тынық мұхиты үстінде әншінің фотосы мен аты-жөні жазылған плакатты көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж бастады.

Димаш Құдайберген – 1994 жылы Ақтөбеде дүниеге келген қазақстандық әнші. Ол Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

2017 жылы Димаш Қытайдағы «I am a singer» жобасында екінші орын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Двое рыбаков погибли на Балхаше

admin_altyalash

Казахстан почти на 100% выполняет международные требования по кибербезопасности ― ООН

admin_altyalash

Токаев выразил благодарность Алиеву за решение снять санкции и создание условий для прямой торговли Казахстана и Армении

admin_altyalash