Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: polisia.kz

Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 тамызда Қарабұтақ – Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды.

Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды, – делінген ПД хабарламасында.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Айтыскеры поддержали новую Конституцию поэтическим словом

admin_altyalash

Токаев: 10 самых загрязненных городов газифицируют к 2025 году

admin_altyalash

На Кок-Тобе состоялся масштабный перфоманс «Жаңа ритмге қосыл» от Жаңа адамдар

admin_altyalash