Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Шымкентте 3 жасар бала қолын ет тартқышқа сұғып жіберген

Сайрам елді мекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолы электр ет тартқышына қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен. Дәрігерлер баланың қолын шығара алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Ата-анасының айтуынша, электр тартқышпен жұмыс істеу барысында бала қастарында болған.

«Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты. Бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатқан. Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде жатыр», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Создана Общенациональная Коалиция в поддержку Новой Конституции

admin_altyalash

ЭКСПЕРТЫ ВЫРАЗИЛИ ЕДИНОГЛАСНУЮ ПОДДЕРЖКУ НОВОМУ ПРОЕКТУ КОНСТИТУЦИИ

admin_altyalash

Отбор на Всемирные игры кочевников по байге стартует в Павлодаре

admin_altyalash