Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Президент Жолдауы: АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешіледі

АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.

Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем.

Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

admin_altyalash

На заседании экспертного клуба «SARAP» обсудили социальные гарантии в проекте новой Конституции

admin_altyalash

Каждый из нас может повлиять на судьбу своей страны – лидер Движения Жаңа адамдар о новой Конституции

admin_altyalash