Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиНовости зарубежьяПолитика

Қазақстанның гуманитарлық жүгі тиелген ұшақ Мысырға барып қонды

Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Қазақстан Палестинаға бөлген гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Мысырға барып қонды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Гуманитарлық жүк Палестина халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жіберілді. Жүк ұшағына мемлекеттің материалдық қорынан азық-түлік, көрпе-жастық, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС-нан дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тиелді.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Керек-жарақ тізімінде 14 түрлі бұйым бар.  Олардың жалпы салмағы 38 тонна. Жүкті ҚР ТЖМ әскери күш-құрылымдары тиеді.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Гуманитарлық көмек «Қызыл жарты ай» қоғамдық ұйымының өкілдеріне табысталады.

гумпомощь
Фото: Асылбек Жолшыбек / Kazinform

Айта кетейік, кеше Палестинаға гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Алматыдан ұшып шыққанын жазған едік.

Одан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жіберетіні  хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Инновационный реабилитационный экзоскелет выходит на рынок

admin_altyalash

Летний туризм, безопасность детей и права медиков: Кошербаев провел совещание в ВКО

admin_altyalash

ЭКСПЕРТЫ ВЫРАЗИЛИ ЕДИНОГЛАСНУЮ ПОДДЕРЖКУ НОВОМУ ПРОЕКТУ КОНСТИТУЦИИ

admin_altyalash