Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Кеншілерді бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды

фото: ҚР ІІМ

Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қару қолдана отырып, криминалдық жанжалдарға қатысқан.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен «Қармет» кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында топтың осындай 15 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар қылмыстық топтың қатысушылары қару қолдана отырып, криминалдық жанжалдарға қатысқан және аталған облыстың Абай ауданына қарасты теміржол станциясында тасымалданатын жүктерді ұрлаған.

Күдікті адамдарды ұстау барысында 15-ке жуық тінту іс-шаралары жүргізілді, соның нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді.

Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.

«Қазір қылмыстық топ мүшелерінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық істі Қарағанды облысы полиция департаменті тергеу басқармасы тергелуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделері үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа мәліметтері жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Ұқсас жаңалықтар

В Жамбылской области проходит IV международный фестиваль «Тараз – город ремесленников»

admin_altyalash

Стратегический ориентер для Основного закона: научная свобода может быть закреплена на конституционном уровне

admin_altyalash

«Сетевые специалисты» ошиблись: Конституция не разрешает жить в чужой квартире бесплатно

admin_altyalash