Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Қарағанды әкімдігі құны 1,1 млрд теңге болатын жер телімдерін тегін үлестірген

Фото: ҚазАқпарат ХАА

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы коммерциялық мақсатта жер беру кезінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұзушылықтар орын алғанын анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Қарағанды қаласының әкімдігі «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 62-1-бабын бұза отырып, бағалау рәсімін жүргізусіз бұрын алынған жер учаскелерінің орнына тұрғын емес үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй салу және оны одан әрі пайдалануға беру үшін коммерциялық мақсатқа 14 жер учаскесін берген.

«Прокуратураның наразылығы бойынша қала әкімдігі жоғарыда аталған қаулының күшін жою туралы талаптарды толық көлемде қанағаттандырды, құны 158 млн теңге болатын 4 га коммерциялық мақсаттағы 14 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Бұдан бөлек, Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан коммерциялық жерді анықтады.

Жер кодексінің 92-бабына сәйкес құрылысқа арналған жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Ірі кәсіпкерлердің бірі 2018 жылдан бастап жалпы ауданы 32 га болатын 6 коммерциялық жер учаскелерін игеруге шаралар қабылдамаған.

«Қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 1,1 млрд. теңге құрайтын осы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», — делінген ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Adebiportal.kz пополняется новыми аудиокнигами

admin_altyalash

Определен состав национальной сборной Казахстана по шорт-треку на зимнюю Олимпиаду в Милан-2026

admin_altyalash

Казахстан присоединился к международному Центру по ЧС и снижению риска стихийных бедствий

admin_altyalash