Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

«Есімі — Тәуелсіздік»: Жетісу облысында аты ерекше бала тұрады

Суреттер: Панфилов ауданының әкімдігі

Жетісу облысында Тәуелсіздік есімді бала тұрады. Осындай ерекше атты иеленген ол Панфилов ауданы Көктал ауылындағы Абай атындағы орта мектептің 7 сыныбында оқиды, қазір 12 жаста, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2011 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында дүниеге келген тұңғыш ұлының есімін әкесі ырымдап қойған және айтуынша Желтоқсан оқиғасында қаза болған Ләззат Асанова Көктал ауылының тумасы, ал Ербол Сыпатаев Панфилов ауданының тумасы.

«Желтоқсан оқиғасында ел тәуелсіздігі үшін құрбан болған азаматтардың ерлігі ұмытылмауы тиіс. Солардың құрметіне және егемендіктің қадірін біліп жүрсін деп Тәуелсіздік есімін бердім», дейді әкесі Батырбек Нүсіпов.

Жетісу әкімдігі

Тәуелсіздік Батырбекұлы — оқу озаты, сынып старостасы. Мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, әрдайым алдыңғы қатардан табылып жүр.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Марат Сағымбек мектепке арнайы барып, есімі ерекше балаға смартфон сыйға тартты.

Нүсіповтер – ауылда үлгілі отбасы. Аталған отбасы мал шаруашылығымен айналысып, үш баланы саналы қылып тәрбиелеп, еңбекке де баулып, ел дамуына үлестерін қосып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанцы могут заранее ознакомиться с проектом новой Конституции

admin_altyalash

Одобрен План законопроектной работы Правительства на 2025 год

admin_altyalash

Правила голосования для зрителей международного музыкального конкурса Silk Way Star

admin_altyalash