Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Сексеуіл кесуге бес жылдық тыйым салынады

Фото: pixabay.com

«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуіл кесуге тыйым салу туралы бұйрығының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

«Уран кен орындарын қазып шығаратын және мемлекеттік орман қорының құбыр желісі өтетін жерлерде жаппай кесуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын», — делінген құжатта.

Аталған бұйрықтың орындалуын облыс әкімдіктері қадағалайды.

Кейінгі жылдары Қазақстанда сексеуілді экологиялық апат аймақтарына егу тәжірибесі жиі қолданыла бастады. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында Аралдың табанына 1,1 млн га аумаққа сексеуіл егу жоспары іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ 2022 жылдан бері Маңғыстауда «Қошқар ата» қалдық қоймасының маңына жасыл қорғаныс аймағын жасау үшін 88,2 гектар жерге қара сексеуіл егіле бастады.

Ұқсас жаңалықтар

«Праздник со слезами на глазах»: День Победы в Казахстане прошел под знаком памяти

admin_altyalash

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

В Карагандинской области полиция провела рейд против сонных водителей

admin_altyalash