Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Шымкентте алаяқ жұртты «жұмысқа орналастыру» үшін 12 млн теңге алған

Фото: Halyq Uni
Қазір әйел қамауда отыр

Шымкент қаласының бір топ тұрғыны балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Еңбекші аудандық полиция басқармасына алаяқтық туралы арызбен 3 азамат хабарласып, көмек сұрап келген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 12 млн теңге ақша алған.

Осыдан кейін полицейлер алаяқты іздеуге кірісіп, күдіктіні ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Қазір әйел қамауда отыр.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың айласына түспеуді, бейтаныс адамдарға сенбеуді және ақша аудармауды, тек тиісті мекемелерден қызмет алуды ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Свыше 90 тыс. казахстанцев с инвалидностью смогут с комфортом проголосовать на республиканском референдуме

admin_altyalash

«Герои среди нас: они лечат, дают знания, учат быть милосердными»

admin_altyalash

Казахстан присоединился к международному Центру по ЧС и снижению риска стихийных бедствий

admin_altyalash