Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиНовости зарубежьяЗаң мен тәртіп

ҰҚК Сирияда соғысқан қазақстандықты ұстады

Фото: ҰҚК
Ол қамауға алынды

Биыл 27 қаңтарда халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 22 жастағы қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ол Алматыға айдауылмен депортацияланды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кеткен. Онда жас жігіт қарулы топтардың біріне кірген.

Қазақстандықты отанына әкелу үшін ҰҚК түркиялық әріптестерімен бірлесіп, жұмыс істеді. Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қолдау көрсеткен.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 257-бабы («Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу») бойынша іс қозғалды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Ұқсас жаңалықтар

ALLUR НАПРАВИЛА 100 МЛН ТЕНГЕ В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ОБЩЕСТВА «ҚАЗАҚ ТІЛІ»

admin_altyalash

Касательно публикаций в социальных сетях и средствах массовой информации о возможном заражении при потреблении мяса сайги

admin_altyalash

«Таза Қазақстан» продолжается в области Жетісу

admin_altyalash