Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Қарағанды облысында жарылыстан зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Тұрғын үй ҚазКҚДИ (КазМИРР) сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатыр.
Қарағанды облысы Ботақара кентінде болған жарыластан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау үшін арнайы комиссия құрылады. Осы ретте аудан әкімі барлығына қажетті көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамыз. Олардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз. Жергілікті атқарушы орган жергілікті сипаттағы ТЖ жариялады», — деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.

Сондай-ақ аудан әкімі үй ҚазКҚДИ (КазМИРР) сарапшыларының қатысуымен тексеріліп жатқанын атап өтті. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлеріне орналастырылған. Оарды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер жақын арада шешіледі.

Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

«Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын-ала себебі — газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды», — деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Ұқсас жаңалықтар

В селе Бесколь на севере Казахстана строят пятиэтажный дом

admin_altyalash

Права более 40 арендаторов школьных столовых нарушали в Шымкенте

admin_altyalash

Молодежная политика Казахстана: трудоустройство, жилье и карьерный рост

admin_altyalash