Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиОбщество

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!», — деп жазылған Президент құттықтауында.

Ұқсас жаңалықтар

Страны, соблюдающие закон и порядок, входят в число самых безопасных государств мира — Женис Касымбек

admin_altyalash

3 человека погибли в ДТП в Актюбинской области

admin_altyalash

НПК состоялись дебаты по проекту новой Конституции

admin_altyalash