Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЗаң мен тәртіп

Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген адам ұсталды

Фото: instagram.com/policebqo

— Орал қаласында теріс дін атын жамылған бопсалаушы қолға түсті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады.

«Күдікті Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап келген. 200 мың теңге алу үстінде қолға түскен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда алаяқтық деректері неліктен азаймай отырғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

МЧС продолжает профилактические мероприятия в жилом секторе

admin_altyalash

Казахстанский пятиклассник взял серебро по робототехнике в Сингапуре

admin_altyalash

Задержан глава отдела строительства Уральска

admin_altyalash