Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиПолитика

ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы орталығы әмбебап орталыққа айналады – Путин

Фото: видеодан алынды

 – Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ШЫҰ саммитінде мәлімдеді.

«Біз ШЫҰ аясындағы серіктестік өзара іс-қимылға үлкен мән береміз. Қазақстандық әріптестердің белсенді қатысуымен Мемлекет басшыларының қазіргі кеңесінде бекіту үшін шын мәнінде қомақты құжаттар мен шешімдер пакеті дайындалды. Оларды іске асыру ШЫҰ-ның рөлі мен ықпалын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Әрине, ШЫҰ-ның басым міндеттерінің бірі оған қатысушы елдердің қауіпсіздігін сақтау болды және бола береді. Өңірлік терроризмге қарсы орталықтың бүгін қабылдайтын шешімдері осыған бағытталған», — деді Владимир Путин.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Международный Форум Астана 2025 пройдет за счет спонсоров

admin_altyalash

Промывка почвы на более 134 тыс га земель завершилась в Туркестанской области

admin_altyalash

Молодой специалист БН-350 рассказала о безопасности АЭС для окружающей среды

admin_altyalash