Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Отар-Алматы учаскесінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

фото: vera.kz

Бүгін Шилібастау станциясында №4 «Астана – Алматы-2» жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» компаниясы.

Компанияның мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 «Астана-Алматы-2» пойызының қозғалысы тоқтатылды.

Осы жағдайға байланысты, №4 «Астана-Алматы-2» пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.

Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 «Алматы-2-Отар-Алматы-2» бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді, — делінген хабарламада.

Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты «1433» нөмірі арқылы алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

В Костанае пройдет масштабный семейный научно-инновационный фестиваль «QOSTANAI TECH»

admin_altyalash

В Мангистауской области презентована концепция развития визит-центра «Айракты»

admin_altyalash

Онлайн-безопасность детей — это защита их прав сегодня и в будущем

admin_altyalash