Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Фото: Ақорда

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанский исполнитель Әмре выступит на сцене седьмым, на международном музыкальном конкурсе “Интервидение”.

admin_altyalash

Свыше 9 тысяч человек спасли из снежных заносов в Казахстане с начала зимы

admin_altyalash

Более 3000 рабочих мест появится в железнодорожном машиностроении в ближайшие два года

admin_altyalash