Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады

Фото: KABAR

— Қыркүйек айында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қырғызстаннан 268 спортшы қатысады.

Қырғыз Республикасы Дене шынықтыру және спорт департаменті директорының орынбасары Самат Токтоналиевтің айтуынша, спорттың 29 түрінен барлық жарыстарға 268 спортшы қатысады.

«Менің ойымша, Қырғызстан барлық спорт түрінен медаль алады», — деді ол.

Қырғызстан құрамасы ұлттық көкбөрі ойындарына қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 8-14 қыркүйек аралығында Астанада ұлттық спорт түрлерінен әлемдік ірі жарыстар өтеді. Қазақстан астанасы еліміздің аймақтарынан және әлемнен 100 мыңға жуық турист қабылдауға дайындалып жатыр.

Бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы жүлде қоры 253 миллион теңгені құрайтыны хабарланған болатын. Олар әр спорт түрі бойынша жеке болады. Жеңімпаз командаға 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, қола жүлдегерге 4 миллион теңге беріледі.

1 тамызда Қырғызстан Ұлттық банкі «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» сериясының «Ат Чабыш» жаңа күміс коллекциялық монетасын айналымға шығарды. 10 сомдық монета Қазақстандағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған.

Ұқсас жаңалықтар

Асанов: незащищённые персональные данные – прямая угроза для государства

admin_altyalash

Международная кинологическая выставка «Astana Winner 2026»

admin_altyalash

Айдос Сарым озвучил преимущества пропорциональной системы в новом однопалатном Парламенте РК

admin_altyalash