Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоКультура

Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары қоғамдық талқылауға ұсынылды

Фото: Виктор Федюнин/ҚазАқпарат ХАА

 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Масс-медиа саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.

Министрлік бұйрық жобасы қолжетімді екенін, бұл ретте тұрғындарды жобаны талқылауға шақырды.

Құжатқа түсіндірме жазбада бұйрық жобасын іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарларға әкеп соқпайтыны және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтіні атап өтіледі.

Бұйрық жобасы биылғы 16 тамызға дейін қоғамдық талқылауға жатады.

Айта кетейік, «Масс-медиа туралы» ҚР Заңы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген болатын.

Бұған дейін Мемлекет басшысы журналистермен кездесуде «Масс-медиа туралы» заң өте маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар аталған заң ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік беретінін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

В Жамбылской области обсудили роль конституционной реформы в политическом обновлении

admin_altyalash

Четыре бронзы принесли казахстанские школьники с самой престижной биологической олимпиады мира

admin_altyalash

30-летие Ассамблеи является важной вехой в развитии политики единства и согласия

admin_altyalash