Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды

Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

 – Алматылық комбустиологтар жоғары вольтты тоқ соққан 27 жастағы жігіттің өмірі үшін екі ай күресті.

Электр монтаждаушысы Аян көктемде жұмыс учаскесінде тоққа түсіп қалды. Ер адам алғашқы 10 күн Жетісу облысы Алакөл орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатты. Кейін жағдайы тұрақталған соң науқас тиісті деңгейде көмек көрсете алатын күйік бөлімі мамандары бар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Комбустиологтар оған екінші дәрежелі электр жарақаты, білек, қол, іш, табанның IV дәрежелі күйік диагнозын қойды.

«Науқас туыстары мен реаниматологпен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оны көпбейінді дәрігерлер бригадасы – травматолог, реаниматолог-анестезиолог, терапевт – жан-жақты тексеріп, күйік бөліміне жатқызу туралы шешім қабылдады. Науқастың жағдайы ауыр болды», — дейді бөлім меңгерушісі, дәрігер-комбустиолог Елдос Әлменов.

Алматыда 10 мың вольт тоқ соққан ер адам аман қалды
Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Ауруханада 53 күн жатқан науқасқа 5 мәрте пластикалық операция жасалды.

«Мені ажалдан аман алып қалған Алматы төртінші қалалық ауруханасының дәрігерлері мен қызметкерлеріне рахмет», — деді Аян Мерекенов.

Ұқсас жаңалықтар

Всемирные игры кочевников: беркутчи проехался на общественном транспорте по Астане

admin_altyalash

Стартовал IV поток проекта по развитию женского лидерства «Tomiris» партии «AMANAT»

admin_altyalash

Новая Конституция позволит точно доводить информацию и формировать культуру конструктивного диалога – известный журналист

admin_altyalash