Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ОбразованиеНовости

Өңірлік секциялық отырыстары басталды

Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды, ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар — халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.

«Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді», — дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаты Мажилиса обсудили вопросы поддержки детского спорта с жителями Жезказгана

admin_altyalash

Следуй мы европейскому опыту, в Курултае было бы 500-600 депутатов. Мы осознанно выбрали другой путь – Елнур Бейсенбаев

admin_altyalash

Экспертное обсуждения на тему «Роль атомных технологий в создании зеленой энергетики»

admin_altyalash