Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиЭкономика

Ақсу және Көксу қант зауыттары қант қызылшасын қабылдай бастады

Жетісу облысында биылғы жылы қант қызылшасының егістік ауданы 13,7 мың га құрады. Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мол өнім алды.

Облыстағы екі қант зауыты — Көксу және Ақсу қант зауыттары жаңа қант қызылшасы егісін қабылдай бастады.

Көксу қант зауыты күніне 5-6 мың тонна шикізат қабылдауға дайын. Кәсіпорынның өндірістік қуаты 250 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Ақсу қант зауыты да қызылшаны өңдеуге толықтай дайын.

Қызылшаны өңдеуге облыстың 597 шаруа қожалығы, соның ішінде Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарынан 193 фермер шаруашылығы шикізат жеткізеді. Сатып алу бағасы бір тоннасына 40 мың теңге, оның ішінде 25 мың теңгесі мемлекеттік субсидия, 15 мың теңгесі зауыттың төлемі.
Сарқан ауданындағы «Божалақов» шаруа қожалығында биылғы жылы қызылша егістігі 15 га-дан 20 га-ға дейін ұлғайтылды.

«Субсидиялар жақсы, су, арзан отын, өсімдіктерді қорғау препараттары жеткілікті. Орташадан жоғары өнім алуға үміттенеміз. Ақсу қант зауытына қабылдаудың бірінші күнінде біздің шаруашылықтан 100 мың тоннаға жуық қызылша тасылды. Қолдау жақсы, зауыттар көлік шығындарын субсидиялайды. Саланы дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Келесі жылы егіс аудандарын ұлғайтамыз», — деді шаруашылық өкілі Тоқтарбек Төлепбеков.

Жетісу облысында жалпы 615 мың тонна тәтті тамырлы өсімдік өңдеп, 97 мың тонна қант өндіру жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

В Мангистауской области презентована концепция развития визит-центра «Айракты»

admin_altyalash

Референдум – это шанс для каждого казахстанца повлиять на решение, которое затронет будущее нашей страны.

admin_altyalash

Казахстанские студенты завоевали 23 медали на III Тюркской универсиаде

admin_altyalash