Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

фото:ашықдереккөз

«Almaty Finance» еншілес ұйымы биылғы жылдың 9 айында алматылықтарға шағын және микро бизнесті дамыту үшін 80-нен астам жеңілдетілген несие берді. Несиелердің ең көп бөлігін өндіріс және өңдеу (30%), денсаулық сақтау (17%), білім беру (10%), халыққа қызмет көрсету (10%), туризм (6%), әлеуметтік кәсіпкерлік салаларындағы жобалары бар кәсіпкерлер алған.

Осы кезеңде қаржыландырудың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асты. «Алматы Бизнес-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жылдық 2% және 6% жеңілдікпен несие алды. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қqаражатын толықтыруға және басқа да бизнес қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

Алматы қаласында несиенің максималды сомасы 73 840 000 теңге, мерзімі 7 жылға дейін беріледі. Барлығы 2019 жылдан бастап 2024 жылдың 3 тоқсанына дейін Алматы МҚҰ шамамен 12,5 млрд теңгеге 560-тан астам шағын және микро бизнес жобаларын қаржыландырды.

«Алматыда «Алматы бизнес» бағдарламасы бойынша микроқаржы ұйымдарын жеңілдетілген несиелендіру аясында қалада 2300-ден астам жұмыс орны ашылды. Жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуымен қатар, бағдарлама жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттыруға да белсенді ықпал етуде», — деп атап өтті Алматы қаласы МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

 

Ж.Жұманбаева

altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию

admin_altyalash

В Казахстане состоялась презентация книги «Жасанды интеллект әліппесі»

admin_altyalash

«ЕвроХим Северо-Запад-2» оспорил уступку прав требования на 23,8 млрд рублей между экс-подрядчиками

admin_altyalash