Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Елді мекендерді газдандыру бойынша жұмыстар жалғасуда

ҚР Энергетика министрлігі елді мекендерді газдандыру бойынша жұмысты жалғастыруда. 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуді және 1 700 км газ құбырларын жаңғыртуды жүргізуді тапсырды. Бұл туралы altyalash.kz хабарлайды Энергетика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жергілікті атқарушы органдарға «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 145 газбен жабдықтау жобасын іске асыруға 105 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандыру деңгейін 61,8% жеткізу жоспарлануда, бұл 369,0 мыңнан астам адамды немесе 140 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деңгей 60% — ға жетті немесе 20 млн.адамның 12 млн. адамы газбен жабдықтауға қол жеткізе алады).

2025 жылға газдандыру деңгейін 62,1% жеткізу жоспарланған, бұл 55 мыңнан астам адамды немесе 21 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етеді.

Ұқсас жаңалықтар

5 тысяч микрокредитов под 2,5%: как изменится программа «Ауыл аманаты» в 2025 году

admin_altyalash

Сенатор: Инфоцыганство – это угроза национальной безопасности 

admin_altyalash

В Мангистауской области презентована концепция развития визит-центра «Айракты»

admin_altyalash