Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураӨнер

«Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде «Astana Merey» XX Халықаралық орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚазҰӨУ ректорының міндетін атқарушы Раушан Нұртаза, қазылар алқасының мүшелері, конкурсанттар және өнер сүйер қауым қатысты,-днп хабарлайды altyalash.kz

«Осы тамаша іс-шарада сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Біз барлық адамзатты біріктіретін музыка өнеріне құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. «Astana Merey» байқауы жас таланттарды қолдап, оларды өнер төріне талпынуға ынталандырады. Әрбір жас орындаушыға сәттілік пен шабыт тілейміз», – деді Раушан Нұртаза.

Биыл байқауға Қазақстанның 13 облысы мен 2 республикалық маңызы бар қаладан 160 жас орындаушы қатысып жатыр. Айта кетсек, 6-18 жас аралығындағы қатысушылар скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа, фортепиано және фортепианолық ансамбль номинациялары бойынша өнер көрсетеді. Жас музыканттардың шеберліктері мен таланттарын қазылар алқасының мүшелері бағалап, үздік қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

фото:ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Молодёжь Карагандинской области приняла участие в экологической акции «Таза Қазақстан»

admin_altyalash

Этот проект имеет для меня особое значение – Президент РК о Каспийском трубопроводном консорциуме

admin_altyalash

Аскар Мамин принял участие в глобальном саммите по изменению климата COP26

admin_altyalash