Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Алматы облысында 99 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

ҚР АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды,-деп хабарлайды altyalash.kz.
Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды.
Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан догнал Россию по уровню жизни и опережает соседей по ВВП

admin_altyalash

В Аркалыке прошла патриотическая акция «Өркендей бер, туған өлкем»

admin_altyalash

Доверие, безопасность и правила: на «Кайнар АКБ» обсудили проект Новой Конституции и референдум

admin_altyalash