Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовости

Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды

Жетісу облысының экологиялық прокуратурасының ұсынуы негізінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жетісу облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданындағы күйдіргі жерленген аумақтарға жақын жерде кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан жер пайдаланушыға қатысты сотқа талап арыз берді.

Талап арызда жалпы ауданы 14,6 гектар жер учаскесін жалға алу шартын жарамсыз деп тану, жер пайдаланушыдан бүлінген жерлерді жобалық негізде қалпына келтіруді қамтамасыз ету және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын тіркеуді жою туралы талаптар қойылды.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен аталған жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Мемлекеттік органдар жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Британия может заблокировать X из-за ИИ-контента

admin_altyalash

Расширяется география Исламской организации по продовольственной безопасности

admin_altyalash

Наурыз в Астане: ИИ, цифровые юрты и миллионные охваты

admin_altyalash