Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан құрамасының ту ұстаушыларының есімдері белгілі болды

Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, команданың құрамы бекітілді. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Олар 51 медаль жиынтығы үшін күресуі керек. Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады.

IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова ту ұстайды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы халықаралық деңгейде танылып келеді

admin_altyalash

Қызметіне сай келмейтін полицейлер жұмыстан шығарылады – ІІМ

admin_altyalash

Қазақстан Тәжікстанға экспортталатын ұн көлемін арттырмақ

admin_altyalash