Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

UBM Group Қазақстанның бірқатар өңірлерінде құрама жем және премикс өндіру бойынша жобаларды іске асыруға ниетті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров UBM Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Акош Варгамен кездесті. Кездесуге Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Рона, компания өкілдері де қатысты.

Тараптар агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
UBM Group Қазақстанның бірқатар өңірлерінде құрама жем және премикс өндіру бойынша жобаларды іске асыруға ниетті. Бұған дейін бұл туралы негіздемелік келісім мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Венгрияға сапары барысында жасалған болатын.

2025-2028 жылдар аралығында компания Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында құрама жем өндіретін үш зауыттың, сондай-ақ Алматы облысында премикс өндіретін зауыттың құрылысына шамамен 83 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр.

Айдарбек Сапаров министрлік жобаларды іске асыруға толық көмек көрсететінін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар осы бағыттағы бірлескен күш-жігер елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

«Сатылған мектеп мәселесі назарда»: депутат өзін қаралағандарға жауап берді

admin_altyalash

АҚМАРАЛ НАУАТБЕК — XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_altyalash

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті

admin_altyalash