Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Жеңіл атлетика: Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясы аясында өткен Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде отандастарымыз екі қола жүлде жеңіп алды.

Универсиада-2025: Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының студенттері 14 медаль (3 алтын,
4 күміс, 7 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды.

Фристайл-могул: Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресі: Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан
Иван Ярыгин мемориалында біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

Жағажай волейболы: Шри-Ланкадағы Негомбо қаласында мәресіне жеткен жағажай волейболынан орталық Азия аумағының чемпионатында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы топ жарса, ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад жұбы қола жүлдегер атанды.

Каратэ: Франция астанасы Парижде аяқталған WKF каратэден
Премьер-лига 1 санатындағы жарыста біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды.

Конькимен жүгіру: Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина мен Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі.

Теннис: Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде үздік шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов қалпына келтіру жұмыстары туралы: Мемлекет басшысы алға қойған міндет мерзімінде орындалуы тиіс

admin_altyalash

Премьер-министрдің бірінші орынбасары шағын өнеркәсіп аймақтарындағы жаңа жобалар мен өндіріс алаңдарын аралады

admin_altyalash

Бейнеу ауруханасы жаңа құрылғымен толықты

admin_altyalash