Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогында алтын жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).

Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы жүзеге асуда

admin_altyalash

Қытай Қазақстанда энергетика саласындағы қызметін кеңейтуге мүдделі

admin_altyalash

Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram парақшасы — фейк

admin_altyalash