Алматыда “Малай” фильмінің ауқымды премьерасы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Мамыр 10, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда “Малай” фильмінің ауқымды премьерасы өтті

13.03.2025
0
Алматыда “Малай” фильмінің ауқымды премьерасы өтті

Кеше Алматыдағы Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрында “Малай” атты жаңа отбасылық комедияның ауқымды премьерасы өтті. Іс-шараға 800-ден астам қонақ шақырылды, олардың арасында танымал киногерлер, блогерлер мен журналистер болды. Қонақтарды ұлттық киімдегі қыздар қарсы алып, залда халық аспаптар оркестрі ойнады, ал фильмнің көрсетілімі алты залда ұйымдастырылды. Қатысушылар атап өткендей, бұл Қазақстандағы ең ірі кино тұсаукесерлердің бірі болды.

Алдағы Наурыз мерекесінің басты фильміне айналатын «Малай» атты жаңа отбасылық комедия отандық кинотеатрлардан 13 наурыздан бастап көрсетіледі. Бұл «Холоп» атты табысты халықаралық франшизаның ресми адаптациясы – 2019 жылы шыққан алғашқы фильм ресейлік прокаттың өзінде 62 миллион доллардан астам пайда тапқан, ал туындыны бейімдеу құқығы көптеген елдерге, соның ішінде Франция, Түркия, Мексика, Үндістан және Жапония секілді ірі кинонарықтарға сатылған.

Фильмнің отандық нұсқасының режиссері – «Келінжан», «Хотя бы в кинода 2» және «Жездуха» сияқты табысты хиттерді түсірген Ернар Нұрғалиев. Режиссердің айтуынша – бұл бүкіл отбасымен көруге арналған, жанға жылу сыйлайтын көңілді хикая. Отандық “Малай” қазақ тілінде түсіріліп, фильмде жергілікті менталитет пен әзіл ерекшеліктері ескерілді.

Сюжет Чина есімді бай баласы туралы, ол дүниеде барлық нәрсені әкесінің ақшасына сатып алуға болатынына сенімді. Бір сәтте әкесінің шыдамы таусылып, ол ұлын ерекше әдіспен қайта тәрбиелеуге шешім қабылдайды – олигарх XIX ғасырдағы қазақ ауылын қайта құрастыртын арнайы адамдарды жалдап, Чинаны сол жаққа жібереді. Ол енді ауқатты әкенің баласы емес, жаңа жағдайда күн көруге мәжбүр болған қарапайым жігіт болып шыға келеді.

“Әлемдік кинода сәтті туындыларды негізге алып, олардың адаптациясын ұсыну – кең таралған әрі танымал әдіс. Біз де осы бағытты қолданып, өзімізге үлкен талап қойдық. Қазақстан қоғамында мажорлардың тақырыбы өте өзекті, сол себепті “Холоп” франшизасы бізге сәйкес келді. Бізге қазақ менталитетін, құндылықтары мен әзілін ескере отырып, бейімдеу өте маңызды болды. Сонымен қатар, “Малай” – толықтай қазақ тілінде түсірілген фильм”, – деп атап өтті Unico компаниясының бас продюсері Анара Жунусова.

 

Басты рөлде Zheka Fatbelly деген лақап атымен танымал блогер Жеңіс Омаров ойнайды – оның Instagram желісінде 3,1 миллион оқырманы бар. Бұл оның кинодағы алғашқы үлкен рөлі. Жеңістің айтуынша, ол түсірілім кезінде қиналған, өйткені физикалық сахналар өте көп болған – әсіресе, ат үстінде отыру, атпен шабу деген секілді. Бірақ, қиындықтарға қарамастан, ол өз рөлінде ойнай біліп, кейіпкерін түсінуге тырысқан.

«Менің кейіпкерім – тойынған байдың баласы. Ешкімді тыңдамайды, ешкімнен қорықпайды. Көп жамандық жасайды және әкесінің құдыретімен бәрін шешемін деп үміттенеді. Аса жағымсыз кейіпкер, бірақ, сонымен бірге, оның ішінде бір мұң бар. Оның өзін осылай көрсеткені – оны ешкім естіп, көрмеген соң, бұл оның наразылық білдіруі, былай айтқанда протесты», – дейді Жеңіс Омаров.

Фильмде, сонымен қатар, Аида Құрманғалиева, Дулыға Ақмолда, Лаура Мырзахмет, Ермек Шынболатов, Сәбина Мовлаева, Жандарбек Садырбаев, Хамит Ердехан секілді танымал жұлдыздар ойнайды.

Фильмді «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, Unico компаниясы шығарған. «Малай» отбасылық комедиясы 13 наурыздан бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Фильм туралы барлық өзекті ақпарат @malay_film парақшасында қолжетімді.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.